Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Qazmed республикалық медицина одағы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz. Елжан Біртанов лауазымдық өкілетін теріс пайдалану бабы бойынша кінәлі деп танылған еді. Экс-министрге бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім Астана сотында жарияланды. Сондай-ақ сот шешімімен Елжан Біртанов «Құрмет» орденінен […]