Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында прокуратураның уәкілетті органға талабы бойынша азаматтық іс қаралды. Хабарламаға сәйкес, «Найза-БН» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекет үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар байқалған. Сот талқылауы барысында талап-арызда айтылған дәлелдер расталды. Уәкілетті органның өкілі объектіні жекешелендіру мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіре отырып, төмендетілген құны бойынша жүргізілгенімен келісті. Сот талапты қанағаттандыру және «Найза-БН» […]