Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері арқылы жүк автокөлік құралдарының өтуін жеделдету жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекетінде коммерциялық жүктерді өткізетін тасымалдаушылардан ұзын-сонар кезек қалыптасқаны атап өтті. Атап айтқанда, бұған Қытайдың ковидке байланысты қойған көлік шектеулерін алып тастауы […]