25 қыркүйек күні таңертең жедел кезекшінің пультіне Бурабайда 800 метр биіктікте түтін көрінгені туралы хабарлама түскен. Өрттің ауданы мен себептері зерттеліп жатыр. Өртті ауыздықтауға Ақмола облысының ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті. Төтенше жағдайлар министрінің өкімі бойынша өртті жедел өшіру үшін Қазавиақұтқару […]