Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты ұстады, деп хабарлайды Exclusive.kz. Нұржан Әлтаев аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. Антикордың баспасөз қызметі тергеу мүддесі бойынша және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады. Айта кетейік, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Әлтаевтың ұсталуын Нығматулинмен байланыстырады. Фото: facebook.com/Нуржан Альтаев