Чилиде алапат өрт болды. Чили президенті Винья-дель-Мар курорттық қаласындағы өрт салдарынан төтенше жағдай режимін жариялады. Қазіргі ақпарат бойынша, тілсіз жаудан екі адам қаза тапқан. 500-ден астам үйді өрт шарпыған. Сондай-ақ көпқабатты үйлерді қирағаны айтылды. Жергілікті билік өрттің үш ошағы тіркелгенін атап өтті. Өрт бастапқыда Винья-дель-Мардың жанындағы орманды алқапта тарала бастаған. Өртке қатысты тексеріс жұмыстары басталды.