Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль иеленді. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Зульфия Чиншанло үшінші талпыныста 130 келіні еңсере алмаған. Біращ Нигериялық қарсыласынан 18 келіге озды. Айта кетейік, 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Чиншанло жалпы 220 кг (95+125) көтерді. Фото: AFP