Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Парламент экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыруды мақұлдады, деп хабарлайды Exclusive.kz. Мәжіліс пен Сенат жұма күні парламенттің бірлескен отырысында екі оқылымда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңның күші жойылды деп таныды. Осылайша, экс-президент пен оның отбасы мүшелері барлық артықшылықтардан айырылады. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның бұрынғы президенттері […]