Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай премьер-министрдің жаңадан тағайындалған орынбасары Алтай Көлгіновке 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні екенін ескертті, деп хабарлайды Exclusive.kz. «Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептерде соңғы қоңырау салтанаты 31 мамырда өтеді. Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені […]