«Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының депутаттары «Медеу» табиғи паркінің жері жөнінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б.Асыловқа депутаттық сауал жолдады. – Кеше белгілі заңгер Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласы әкімдігінің бұрынғы басшылығы (Б.Сағынтаев) 2021 жылғы 25 маусымдағы шешімімен, қоғамдық талқылаусыз, Медеу мемлекеттік табиғат паркінің рекреациялық аймағынан (Бутаково шатқалы ауданында) шамамен 22,5 га аумақты (4,8 […]