Бас прокуратураға қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы «Дикий Арман» тобының қызметі туралы мәлімет берілді. Қылмыскерлер Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде кепілге алынғандарды ұстап отырғаны айтылды. Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев қаңтар оқиғасында Арман Жұмагелдиев ерекше рөл атқарғанын айтты. – 6 қаңтарда оның тобындағы біреу Алматыдағы Қазақстан қонақ үйіне ұйымдасқан түрде келген […]