Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Петр Толстой Алла Пугачеваның оны шетелдік агент деп тану туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді. – Өкінішке орай, елдің ең танымал әншісі Пугачева ақиқат нәрсемен байланысын үзіп, Ресейдің жеңілуін қалайтындармен бірге болды. Енді оның орны тек КСРО кезіндегі тарихи мұражайда қалады. Ол басқа елдің азаматы бола алмайды және шетелдік агент атанбайды. […]