Бүгін мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Тамара Дүйсенова тағайындалды. Айта кетейік, Алтай Көлгінов 2022 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған еді. Фото: ашық дереккөз