Үкімет Екібастұздағы жағдай бойынша ақпарат берді. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, президенттің тапсырмасы бойынша ҚРпремьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады. Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді. – Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. […]