Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz. Марат Ахметжановтың мәліметінше, тексеріс өрт кезінде қызметтік міндеттерін орындамау бойынша жүргізілмек. – Президент Бас прокурорға тапсырма берді, сол бойынша тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі төтенше жағдай. Адамдар қайтыс болды, сондықтан оқиғаның мән-жайы қылмыстық іс аясында […]