Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізіп, ар-ұжданын қорлаған азаматтарды жауапқа тартуды көздейтін ереже күшін жойды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Елбасы мәртебесі жоқ. Сол себепті қылмыстық жауапкершілік қажет емес және қолданылмайды. Бұл ереже Елбасына ғана қатысты, ережеде отбасы туралы ештеңе айтылмаған, – деді депутат. Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының […]