Нұр-Сұлтан қаласында елорданы қайта Астана деп атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өтті. – Астанаға Астана атауы қайтарылуы тиіс. Бұл ретте біз тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ұмытпауымыз керек, – деді Ұлттық Құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманалиев. Тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған да елорданың атауын ауыстыру бастамасын қолдайтынын айтты. – Біз тұңғыш президентке ризамыз, бірақ елорданың атауы […]