Ресей тарапынан сұраныстың артуына байланысты Қазақстанда күріш бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Exclusive.kz. – 2022 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Ресейде күріштің өнімі нашар болғанына байланысты Ресейге күріш экспорты бір жылда 60,6%-ға өсті, – деп жазылған ҚР Ұлттық банкінің есебінде. Сондай-ақ 2023 жылдың қаңтар айында өсімдік майлары мен ет бағасы арасында айырмашылық байқалды.