Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің […]