Бұрынғы Ішкі істер министрі, кейін президент кеңесшісі қызметін атқарған Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге куәгер ретінде шақырылды. Бұл туралы Бас прокуратура «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің сауалына берген жауабында мәлімдеді. – Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алды, – деп жазылған ресми жауапта. Ведомство […]