Еуропалық Одақ 2027 жылға қарай Ресей газынан бас тартады. Қатысушы елдер қазірдің өзінде ресейлік газды тұтынуды келесі жылдың наурызына қарай төмендетуі керек, деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен. Ол Ресейді газ экспорты бойынша сенімсіз серіктес деп атады. – Біздің басты мақсатымыз – 2027 жылға дейін Ресей газын жеткізуден толық тәуелсіз болу, – деді ол. […]