Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, қамаудағы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz. Бүгін прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 18 наурызда Астана (Нұр-Сұлтан) қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыны 2 айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет […]