Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы, Ұлттық құрылтай мүшесі Тоқтар Әубәкіровті қабылдады. Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген тақырыптар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді. Фото: Ақорда