Азаматтар халықтың сенімін ақтамаған мәслихат мен Мәжіліс депутаттарын мандатынан айыра алады. Мандатты кері қайтарып алу институтын енгізу туралы норма мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына енгізілді. – Бұл реформаның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Бұрын заңнамада мұндай норма болған […]