Ирандағы Кум қаласында орналасқан Джамкаран мешітінің күмбезінде кек туы көтерілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Иран Fars агенттігіне сілтеме жасап. Керман қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін мешіт күмбезінде Қызыл Жалау пайда болды. Бұл жалау 2020 жылы Касем Сүлеймани қайтыс болғаннан кейін көтерілген еді. CNBC мәліметінше, шиит дәстүріндегі қызыл жалаулар әділетсіз төгілген қан, кек алу деген мағына береді. […]