Тараздағы көпсалалы аурухананың қызметкерлері жаңа туған сәбиді 39 жастағы тұрғынға сатқан, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, Тараз қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бала саудасы фактісін анықтады, – деп жазылған хабарламада. Медицина қызметкерлері тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу прокуратураның бақылауына көшті. Фото: […]