Жезқазған қаласында орналасқан 13 мың метр су құбыры ұрланды. Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған. – […]