Кезектен тыс президент сайлауында үміткер болған Жигули Дайрабаев «Respublica» партиясының өкіліне ескерту жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz. Ол «Республика» партиясының лидері Айдарбек Ходжаназаровтың «Фермерлер біздікі» деген сөзімен келіспейтінін айтты. – Жақында «Республика» партиясының лидері Айдарбек Ходжаназаров: «Фермерлер біздікі!» депті. Бұған айтарым бар. Біріншіден, фермерлер біздікі, мыналардікі, аналардікі дейтіндей зат емес. Оларды қорға, дамыт, бірақ іріткі салма. […]