Бүгін Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын енгізу, жол қауіпсіздігі мәселелері қаралды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов көлік апаттарына негізі себеп болатын факторды атады. «Көлік апаттарының негізгі себептері – жолдардың нашар жағдайы. Халық тарапынан жолдың сапасына қатысты шағым өте көп. Айталық, 26 қыркүйекте Ақтөбеде тұрғындар айналма жолды жауып тастады. Себебі ол жолда […]