Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады. – Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамауға алынды. М. […]