Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды. ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті, деп хабарлайды Exclusive.kz. ІІМ мәліметі бойынша, оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы “Қорқыту”, 147-бабы “Жеке өмірге қол сұғу”, 158-бабы “Журналистік қызметке кедергі келтіру”, 202-бабы “Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” және 293-бабы “Бұзақылық” бойынша айып тағылған. […]