Шешенстанда Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы республика жастарының ісі бойынша министр болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Жаңа лауазымға тағайындалған Ахмат Қадыровқа елдің ең жоғары наградасы – Қадыров атындағы орден табысталды. Республика үкіметінің төрағасы Магомед Даудов Ахмат Қадыровтың қызметі туралы пікір білдіріп, «ол жоғары деңгейде кез келген тапсырманы шешеді» деді. Фото: ашық дереккөз