Бас прокурор Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндама жасады. Бас прокурор «Қаңтар оқиғасы» бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен оған қатысқандарға рақымшылық жасау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында тұрғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қылмыстық салада 1,8 мыңнан астам тұлғаның конституциялық құқығы қорғалған. – Прокурорлардың наразылығы бойынша 866 үкім жойылып, өзгертілді. 183 сотталушының жағдайы жақсартылды, 20 адам ақталды. Бизнесті қорғау […]