Алматы әскери сотында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бейбіт тұрғындардың көлігіне оқ жаудырған әскери қызметшіге үкім шығарылды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Қаңтар оқиғасы кезінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіт әскерилердің оғынан қаза тапқан еді. Сот Талдықорған десанттық-шабуылдау бригадасының 33 жастағы қызметшісі Серікбол Мұратхановты «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша алты жарым жылға бас бостандығынан […]