Тоқаев «Россия 24» арнасына берген сұхбатында Қаңтар оқиғасы кезінде резиденцияда түнегенін айтты. – Барлық төңкерістің мақсаты – басқа адамдардың билікке келуі. Өзім туралы айтар болсақ, мен бұл күндері осында, президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда шықпадым, – деді президент. Мемлекет басшысы ұшақ не тікұшаққа отырып, Қазақстаннан кету туралы ұсыныстан да бас тартқан. Фото ашық деректерден