Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өлімі туралы іс сотқа жіберілді. Ақпаратты бүлдіршіннің әкесі Айдос Мелдехан растады, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап. «Адвокат қазір істі сотқа жіберу туралы хабарлама алды. Сот шілде айында басталуы мүмкін. Іс бойынша ештеңе өзгерген жоқ. Жұман есімді күдікті бар. Қалғандары куәгер ретінде қатысады» деді Айдос Мелдехан […]