Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нүкісте өткен кеңесте Қарақалпақстан халқының наразылығын тудырған түзетулер ел Конституциясының 70, 71, 72, 74 және 75-баптарының қолданыстағы редакциясы өзгеріссіз сақталуы керек екенін айтты. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 2 шілде күні Мирзиеев Нүкіске келіп, Жоғарғы Кеңес депутаттарымен және Қарақалпақстан өкілдерімен кездесті. – Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды талқылау үдерісі әлі […]