Қарақалпақстандық белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов қамауға алынды. Өзбекстанның конституциялық құрылысына қол сұғушылық ісі бойынша 14 адам жауапқа тартылды. Негізінен ұсталғандар автономияны сақтауды жақтайтын қарақалпақ ұлтының өкілдері. — Атап айтқанда, Д.М.Тәжімұратов пен А.Т.Тұрдановқа Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша айып тағылды. Оларға қатысты сот қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Л.О.Қаллыханованың әрекетінен қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыс […]