Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың аудиожазбасына қатысты қызметтік тергеуді бастады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметіне хабарлады. Агенттікте мәліметінше, аудиожазба әлеуметтік желілерді бақылау барысында табылған. – Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және теріс мінез-құлық […]