Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқару жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Жиын барысында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жаңа ұсыныстар қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық жағдай құбылып тұрған кезде инвестициялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қабілетті қаржы көздерін іздеу өзекті екенін айтты. Президент орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және «жасыл» жобаларды жүзеге асыру […]