Швейцария Гүлнәр Каримоваға тиесілі 131 миллион долларды Өзбекстанға қайтарады. Өзбекстан Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қаржыға БҰҰ-ның қатысуымен елдің тұрақты дамуы қоры ашылған. – Бұл Гүлнәр Каримова бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бұрын заңсыз сатып алған және Швейцарияда заңдастырылған 131 млн долларды (шамамен 1,4 трлн сум) Өзбекстан халқына қайтаруға мүмкіндік береді, – деп жазылған хабарламада. […]