Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды. Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс […]