«Сұрауы бар» жобасында қонақ болған ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов және дінтанушы Кеңшілік Тышхан дін төңірегіндегі мәселелер туралы пікір білдірді. Кеңшілік Тышханның пікірінше, дін биліктің бір тармағына айналып кеткен. Сондай-ақ, Қазақстан құқықтық мемлекет екенін айтып, өлім жазасын алып тастау шешімін қайта қарастыруды ұсынды. – Ең үлкен сорақылық – радикалды бағыттағы және мемлекетке бағынбайтын [hellip;]