Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерге және жалған ақпарат таратуға байланысты екі қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырылған Жанболат Мамай қамалды. Алматы полиция департаменті мәліметінше, Жанболат Мамайға қатысты Алматы ПД Тергеу басқармасы ҚР ҚК-ның 378-бабы, 2-бөлігінде («Билік өкiлiн қорлау») және 274-бабы, 2-бөлігінде («Көрінеу жалған ақпарат тарату») көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қамауда отырған Жанболат […]