Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен келіп, Алматы облысы жұртшылығымен кездесті. Алматы облысындағы медицина, жайылым жерлері, оқу орындары туралы пікір білдірген мемлекет басшысы қазақ тілінің мәртебесі туралы да айтты. – Қазақша сөйлейтін жастар көбейіп келе жатыр. Жалпы, тілдік орта түбегейлі өзгерді. Қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соған сәйкес қазақша фильмдерге, әндерге […]