Қазақстан Донецк пен Луганскіде өткен референдумды мойындамайды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. – Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру принциптерін қолдайды, – деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Смадияров Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы айтқанын еске салды. – Біз саяси […]