Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған көмек Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіледі, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Гуманитарлық көмек мәселесі ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланып, көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіретіні нақтыланды. – Жүктер жақын […]