Бірқатар БАҚ-та жақын шетелден Қазақстанға автокөлік әкелуді шектеу туралы жаңалық жарияланды. Ол Үкімет басшысының депутаттық сауалға берген жауабынан алынған. ҚР премьер-министрінің Баспасөз қызметі түсініктеме берді. – Бүгінгі таңда шетелдік көлік құралдарын заңнаманы бұза отырып елге әкелу жағдайлары жиілеп кетті. Атап айтқанда, ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмір тағылған және т.б. автомобильдерді пайдалану фактілері анықталып жатыр. […]