Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мемлекетаралық валюта комитеті туралы 1995 жылғы келісімінен шығады. – 2013 жылғы 25 қазанда Минскіде жасалған 1995 жылғы 26 мамырдағы мемлекетаралық валюта комитетін құру туралы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама бекітілсін, – делінген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында. Құжат күшіне енді. Комитет валюталық-төлемдік және несиелік қатынастар саласындағы көпжақты ынтымақтастықты ұйымдастыруға жәрдемдесу, […]