Қазақстанда жемқорлардың ақшасына 70 мектеп салынады. Бұл туралы үкімет кулуарында министр Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Биыл жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Тиісті құжаттар бар, тізім бар. Бұл тізімге қолдау көрсетіледі және мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. Барлық 23 өңір қамтылады, – деді Бейсембаев. Сондай-ақ жоба аясында жаңа мектептер салынып, ескі мектептер жөндеуден […]